Ең кішкентай адымдайтын робот жасалды
Ең кішкентай адымдайтын робот жасалды
Кеше 322 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарындағы Корнел университетінің ғалымдары адамын мейлінше кең алатын титтей робот жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай робот жарық дифракциясымен (Жарық дифракциясы – жарықтың түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады  - Уикипедия электронды энциклопедиядан. Қарапайым тілмен айтқанда, жарық өз жолында кедергі кезіктіргенде толқынын өзгертетін құбылыс) жұмыс істейді, дәлірегі, жарық дифракциясы арқылы басқарылады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Итай Коэн есімді физика профессорының айтуынша, мұндай робот магнитпен қозғалады. Бұдан бөлек, робот сұйық ортада жүзе алады. Ал зерттеу авторларының бірі Франческо Монтиконенің сөзіне қарағанда, роботты барынша ықшамдау өз шегіне жеткен. Шанығн роботты биология мен медицинада қолдануға болады.

Smallest walking robot makes microscale measurements

0 пікір
Мұрағат