Ең жылдам «жедел жәрдем» ұшағы құрастырылды (видео)
Ең жылдам «жедел жәрдем» ұшағы құрастырылды (видео)
1 жыл бұрын 1393 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Jump Aero компаниясы электрмен қозғалатын, тігінен ұшып-қонатын JA1 Pulse eVTOL-ды жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол сағатына 463 шақырымға дейін жылдамдығын арттыра алады. Бұл артықшылық өз кезегінде оны әлемдегі ең шапшаң экологиялық жағынан қауіпсіз көлік ретінде танылуына мүмкіндік бермек. Модел 2019 жылдан бері құрастырылған. Jump Aero өкілдері Falck Ambulance Services-тен алғашқы расталған коммерциялық тапсырысқа ие болғанын хабарлады. JA1 «Pulse» («Тамыр соғысы»)  деп аталатын жаңа eVTOL құрылымы медицина мамандарына адам өмірін сақтап қалуға қажетті маңызды құралдармен жабдықталған. Ол төтенше жағдай орын алған шалғай жерге мүмкіндігінше тез жетуге мүмкіндік береді. Орналасу жылдамдығы 60 секундтан аз – жедел жәрдем сегіз минуттан аз уақыт ішінде 50 шақырым радиуста кез келген жерге жетеді.

Толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, мына сайтқа кіріңіз: www.jumpaero.com..

0 пікір
Мұрағат