Ең жылдам дамып келе жатқан жаңартылатын энергия секторы аталды
Ең жылдам дамып келе жатқан жаңартылатын энергия секторы аталды
4 ай бұрын 1377 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jim Vondruska / Reuters

Күн энергиясы жаңғыртпалы энергия көздерінің дамыуында көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Күн энергиясының шапшаң әрі қарқынды өсуіне ірі технологиялық компаниялардың бұл салаға молынан қаржы құюы  себеп болған. Олар ғаламдық интернет пен жасанды зерде қолданбаларын қуаттайтын деректер орталықтарын таза энергиямен қамтамасыз етуге тырысады. Әлемге әйгілі Amazon, Microsoft, Meta Platforms және Google-дың өзі Америка құрама штаттарында қолға алынған ірі күн энергиясы жобаларына сұраныстың 40 пайызын құрады. Соңғы бес жылда.  Жаңғыртылатын энергия көздерінің дамуына соңғы уақытта оларды өндіру бағасының арзандауы да ықпал етіп отыр. Advancing Clean Technology Manufacturing компаниясы бұған дейін таза энергияға деген жаһандық инвестиция 2023 жылы 200 миллиард долларға дейін өсіп, бір жыл ішінде 70 пайыздан астам өскенін хабарлады. Фотоэлектрлік модулдерді өндіруге кететін шығындар екі еседен асқан. Осы орайда Үндістанның Adani Group компаниясы 2026 жылға қарай күн батареяларының өндірісін 150 пайызға арттыруды жоспарлап отырғанын айта кетпекпіз. Бұл жоспар өз кезегінде аталған елдің осы саладағы Қытайға тәуелділігін азайтып, көміртегінен ада мемлекетке айналуға қол жеткізуге көмектесуі керек. Bloomberg агенттігінің жазуынша, конгломерат қазіргі төрт гигаватттан жыл сайын он гигаватт күн энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін құрал-жабдық шығаруды мақсат етіп отыр. Компания алдына қойған мақсатына сәйкес Парижден бес есе үлкен жаңартылатын энергия парктерінің бірі салынады. Adani Group алдағы он жылда жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) 100 миллиард доллар инвестиция мөлшерінде қаржы құяды.

 

Фото: Amit Dave / Reuters

0 пікір
Мұрағат