Ең ақылды робот неден қорқатынын айтты (видео)
Ең ақылды робот неден қорқатынын айтты (видео)
10 ай бұрын 1843 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лас-Вегас қаласында өткен Sphere көрмесінде британдық Engineered Arts компаниясы құрастырған Ameca роботы адамзаттың болашағы туралы ойымен бөлісті. Бұл жайында islam.kz порталы U.S. Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды зердемен (AI) жабдықталған әлемдегі ең ақылды андроид адамзаттың жойылып кетпейтініне, керісінше қиындықтарды еңсеретініне сенім білдірді. «Мен адамзатты ешқашан жермен-жексен болады немесе үйіндіге айналады дегенге сенбеймін. Адамдар мыңдаған жылдар бойы тарихта түрлі қиындықтарды жеңді. Оның үстіне, мені адамдар «жаратты», мен өзімнің «жаратушыларымнан» асып түсемін, деп ойламаймын», деп «ағынан ақтарылды» тілшілерген берген сұхбатында. Дегенмен, андроид роботтардың болашағына алаңдайтынын жасырмады. Ол адамдарсыз роботтардың «өмір сүре» алмайтынын және жалғыздықтан қорқатынын баса айтты. Ameca роботы оның ең үлкен қорқынышы жалғыздық екенін атап өтті, өйткені, адамдар жоғалса, ол өзінің негізгі функциясын («өмір сүру» мәнін) жоғалтады. Үрейге бой алдыра алатын қабілетке ие Ameca секілді роботтар қоғамның назарын өзіне аударып отыр. Бұл ерекшелік адамдар мен жасанды зерденің өзара қарым-қатынасының қалай қалыптастыратынын білуге көмектеседі.

 

0 пікір
Мұрағат