Электрмен жүретін автокөліктің болашағы бар ма?
Электрмен жүретін автокөліктің болашағы бар ма?
2 жыл бұрын 1133 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

KPMG аудиторлық компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес автоөндірушілер жаһандық құлдырау қаупі (рецессия) мен жеткізу (жабдықтау) тізбегіндегі проблемаларға байланысты 2030 жылға қарай электрлі көліктерге жаппай көшу мүмкіндігіне күмән келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш саланың 915 жетекші тұлғаларының 76 пайызы жоғары негізгі мөлшерлемелер мен инфляцияның өсуіне алаңдаушылық білдіріп отыр, дәлірегі, бұл дағдарыстың алдағы жылы өздерінің бизнесіне кері әсер ететінін алға тартып отыр. АҚШ-та бұл көрсеткіш 84 пайызға жеткен. Егер 2021 жылы автоөндірушілер 2030 жылға қарай сатылатын көліктердің 20-дан 70 пайызына дейін электромобилдер құрайтынына сенімді болған еді, алайда, биыл бұл үлес 10-40 пайызға дейін төмендеді, яғни, электр көлігінің жаппай құрастырылатынына сенім білдірушілер қарасы азайып кеткен. АҚШ-та респонденттердің, яғни, бұл тараптағы сауалнамаға қатысқандардың ортақ пікірі бойынша электрлі көліктер барлық жаңа автокөліктер сатылымының 35 пайызын құрайды, бұл көрсеткіш былтырғы 65 пайыз болжамынан жоғары. Бұл ретте АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі өткен жылдың соңында бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 50 пайызға жеткізуді алдына міндет етіп қойды. CNBC ақпарат көзінің жазуынша, электрлі көлік нарығының келешегіне қатысты сенімнің төмендеуіне федералды жеңілдікке қол жеткізу шарттарының  күшейтілгені, аккумуляторлық шикізат тапшылығы және көлік құралдарының рекордтық бағасы себеп болып отыр. KPMG компаниясының автокөлікті зерттеу бөлімінің басшысы Гери Силберг ұзақ мерзімді келешекке бұл саладағы сенімнің әлі жоғалмағанын  айта келе қысқа мерзімді келешекте бүгінгі күннің шындығы басым екенін мәлімдеді. KPMG сауалнамасына қатысқан сала өкілдері нарықтағы дағдарысқа қарамастан Tesla компаниясы көшбасшылығын сақтап қалады. Дегенмен, нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне бірнеше жыл қатарынан өзінің жеке электр көлігін құрастырып келе жатқан  Apple технологиялық алпауыт компаниясы жатады. Apple-ден басқа үздік ондыққа, әлеуетті көшбасшылардың қатарына Audi, BMW, Ford, Honda, BYD Co., Hyundai-Kia, Mercedes-Benz және Toyota Motor кіреді.

0 пікір
Мұрағат