Экс-тергеуші: науқастың ажалына себепкер болуы мүмкін дәрігерлердің қандай белгілері болады
Экс-тергеуші: науқастың ажалына себепкер болуы мүмкін дәрігерлердің қандай белгілері болады
4 жыл бұрын 3647 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дәрігер арасындағы сериялық кісі өлімінің есебімен айналысатын бұрынғы тергеуші Брюс Сакман адамға қауіпті емхана қызметкерінің портретін жасауға тырысыпты. Reddit ақпарат көзіне берген сұхбатында. Бұрынғы тергеушінің сөзіне қарағанда, ең алдымен емдеуші дәрігердің науқасқа берген дәрі-дәрмегіне назар аудару керек, мәселен, басқа аурумен сырқаттанатын пациентке инсулин немесе адреналин беруі мүмкін. Науқас мұндай дәрілерге мұқтаж болмаса да. Оның айтуынша, кей дәрігерлер науқастың жағдайын қасақана нашарлатуы мүмкін. Артынан оны әріптестерінің көз алдында жазып шығару арқылы өзінің кәсібилігін «дәлелдеп» беделін арттыру үшін осындай қадамдарға барып жатады. Бұдан бөлек, сарапшы өлім-жітім статистикасын қадағалап отыруға кеңес береді: кей медицина қызметкерлерінің ауысымында өлім-жітім көрсеткіші қатты өзгеруі мүмкін (артуы немесе кемуі мүмкін) – демалысты жүрген немесе жұмыс орнында болмаған дәрігердің орнын уақытша алмастырған дәрігерлердің ауысымы турасында айтылып отыр бұл арада. Кісі қанын мойнына жүктеуден арланбайтын, қой терісін жамылған, дәлірегі, ақ халатты кісі өлтірушіден өзіңді немесе туыстарыңды қорғау үшін дәрігерден міндетті түрде қандай дәрі-дәрмекпен немесе емдеу тәсілімен емдейтінін алдын ала сұрап алуға кеңес береді.

0 пікір
Мұрағат