Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды
8 ай бұрын 1309 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Соңғы 50 жылда жаһандық иммундау процедурасы, яғни, екпе салу науқандары шамамен 154 миллион адамның өмірін сақтап қалған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) келтірген дерекке жөн сілтеген медициналық The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ДДСҰ 14 түрлі ауруға, соның ішінде дифтерияға, В гепатитіне, қызылшаға, туберкулезге, сары безгекке, көкжөтелге және полиомиелитке қарсы екпе әсерінің жан-жақты талдау нәтижесін жариялады – күллі әлем бойынша нәресте өлімінің 40%-ға төмендеуіне ықпал еткен. Полиомиелитке қарсы екпенің арқасында бүгінде 20 миллионнан астам ешкімнің көмегінсіз адам жүре алады. ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус шешек жұқпалы індетінің біржола жойылғанын, полиомиелиттің жойылу алдында тұрғанын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат