|
Екпе 25 жылда жұқпалы індеттен болатын өлім-жітімді 60%-ға азайтты
|
Аса ауқымды, жаһандық деңгейде жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес қандай да бір қауіпті індет бас көтергенде шұғыл екпелеу науқаны (екпе салу, вакцинациялау) жұқпалы, яғни, инфекциялық дерттерден болатын өлім-жітім көрсеткішін соңғы ширек ғасырда 60%-ға төмендеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. GAVI екпесі жөніндегі одақ (альянс) пен Австралиядағы Бернета институтының қолдауымен жүргізілген бұл бағыттағы зерттеу шұғыл екпелеу науқанының әлемдік денсаулық сақтау саласы бойынша жаһандық әрі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын ашып көрсетті. Бұл тараптағы зерттеу барысында тырысқақ, Эбола безгегі, шешек, менингит және сары безгек індеттерінің 2000-2023 жылдар аралығындағы 49 елде орын алған 210 ошағы мұқият зерделенді. Мәселен, Эбола жұқпалы індетінен екпе науқанынан соң өлім-жітім көрсеткіші 76%-ға кеміген. Адам өмірін құтқарумен қатар, баяндамада шұғыл екпе науқанының экономикалық пайдасы да айтылған. Ғалымдардың бағалауынша, бұл науқандар өлім-жітімді болдырмау және мүгедектіктен айрылған жылдарды қысқарту есебінен 32 миллиард долларға жуық қаржының шығын болуына жол бермеген. Африка құрлығынығң батысында 2014 жылы пайда болған Эбола жұқпалы індеті батыс африкалық елдер үшін 53 млрд доллардан аса шығын әкелген.