Экологиялық тұрғын үй жобасы сәтсіздікке ұшырады (фото+видео)
|
Қытайдың Чэнду қаласындағы Chengdu’s Qiyi City Forest Garden экологиялық жобасы өз-өзін ақтамады: жасы желекке жамылған тұрғын үйді бей-берекет өскен өсімдік шырмап алды әрі масалардың ұясына айналды. Chengdu’s Qiyi City Forest Garden зәулім үй кешенінің жобасы 2018 жылы қолға алынған еді. Әр балконы баққа айналуы үшін кеңірек етіп салынған болатын. Жиырма шақты өсімдік түрі өз кезегінде қаладағы шу мен ыстан қорғауы тиіс болатын. 2020 жылдың сәуір айыннда 826 пәтері сатылған бұл тұрғын үйдің тек он пәтерінде ғана адам тұратын болып шықты. Олар иесі болғанымен адам тұрмаған соң көрші балкондағы күтім көрмеген өсімдіктер бей-берекет өсіп, жәндіктердің ұясына айналған. Бұған қоса, балконда дренаж жүйесі болмай шықты. Нәтижесінде артық ылғалдан өсімдіктердің кейбірі шіри бастаған.