Экологиялық таза көліктер анықталды
Экологиялық таза көліктер анықталды
7 жыл бұрын 5327 egemen.kz

Немістің ADAC автомобиль клубы Еуропадағы экологиялық ең таза әрі үнемді көліктердің тізімін дайындады, деп хабарлады korrespondent.net.

Бұл жолы экологиялық тұрғыда ең таза электрлік автокөлігі ретінде BMW i3 танылды. Биыл алғаш рет лабораторияда да, жол бойында да арнайы сынақтардан өткізілді. Жалпы алғанда, сарапшылар 45 үлгідегі көліктерді сынақтан өткізіп, әрқайсысына 1-5 аралығында жұлдыз белгімен бағаланды.

Екінші орынға Toyota Prius 1.8 Hybrid Executive автомобилі жайғасса, үздік үштікті электр моторлы Nissan Leaf Acenta түйіндеді. Сондай-ақ, көпшіліктің көңілінен шыққан Tesla Model S P90D тек алтыншы орыннан табылды.

Ондықтың ішінде дизельді қозғалтқышпен жүретін Mercedes E220 d 9G-TRONIC (7 орын) және BMW 118d Urban Line Steptronic (9 орын) бар. 8-орынға Mitsubishi Space Star 1.2 ClearTec Top лайық деп танылса, оныншы орында – Volkswagen up! 1.0 TSI BMT beats.

0 пікір
Мұрағат