Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

ARS ғалымдары Мичиган мемлекеттік университетімен бірігіп, жиын-терінге арналған жаңа моделді жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы EastFruit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі “қолмен” жабдықталған жаңа жүйе сынақ кезінде тек бір қолы (манипуляторы) бар өзге моделдерге қарағанда 34% жоғары тиімділік танытты. Бұл техника өз кезегінде жеміс-жидектің жиын-теріні кезінде уақыт үнемдеуге, жалданатын жұмысшыларға кететін шығынды қысқартуға мүмкіндік береді, ауыл шаруашылығында маңызды рөл онайды. Жаңа робот еркін қимылдаудың 4 сатысындағы екі манипулятормен жабдықталған, бұл артықшылық оған ағаштар мен бұталарды зақымдап алмайжеміс тергенде маневр жасауға мүмкіндік береді. ToF-камералар мен нейронды желілер комбинациясының арқасында машина алмаларды пиксел деңгейінде таниды және бақшаның дәл 3D моделін жасайды. Жемістерді абайлап жинау үшін жұқалтың қармауыштар мен сору күшін автоматты түрде реттейтін интеллектуалды вакуумдық жүйе пайдаланылады. Қазіргі заманғы бақтағы жемісті жинаудың жетістігі 82% -ды құрайды, ал бір жемісті өңдеуге шамамен 6 секунд кетеді.

 

0 пікір
Мұрағат