Дыбыстан жылдам ұшақ сағатына 2000 шақырымды артқа тастап, мұхитты 3,5 сағатта кесіп өтеді
Дыбыстан жылдам ұшақ сағатына 2000 шақырымды артқа тастап, мұхитты 3,5 сағатта кесіп өтеді
2 жыл бұрын 1936 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Overture ұшағы дыбыссыз қозғалтқыштармен және шуды азайтудың әлемдегі алғашқы автоматтандырылған жүйесімен жабдықталады. Бұл жайында islam.kz порталы boomsupersonic.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Boom Supersonic өте жылдам Overture ұшағының әсерлі дизайнын жұртшылық назарына ұсынды. Аталған компания, сондай-ақ, әзірленіп жатқан моделдерді сатып алу үшін United Airlines және Japan Airlines компанияларымен келісім-шартқа отырды. Компанияның мәліметінше, Overture заманауи әуе лайнерлерінен екі есе жылдам ұшады және Нью-Йорк мегаполисінен Лондон қаласына небәрі 3,5 сағатта жетеді. Boom Supersonic Фарнборо халықаралық авиасалонында алғаш рет Overture ұшақтарының жаңартылған нұсқасы ұсынылды. Колорадо штатында орналасқан компания өкілдері Overture ұшағыныңң 65-тен 80-ге дейін жолаушыны тасымалдай алатынын және 1,7 Mach (шамамен 2000 км/сағ) жылдамдықпен ұша алатынын айтады. Сондай-ақ, ұшақ 100% тұрақты авиациялық отынмен (SAF) жұмыс істейтін болады. Бұл өзгеше ұшақ парникті газды өте аз мқлшерде бөледі. Бұл ұшақ үшін пайдаланылатын отын биомассаны немесе бейорганикалық компоненттерді түрлендіру арқылы алынады. Ұшақ 2024 жылдан бастап құрастырылады.

Ұқсас материалдар:

«Лос-Анджелестен Токиоға дейін бір сағатта ұшып жететін ұшақ құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/los-andjelesten-tokioga-deiin-bir-sagatta-ushyp-jetetin-ushaq-qurastyryldy-video-16930/#gsc.tab=0);

«Cутегімен ұшатын ұшақ рекорд орнатты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/cutegimen-ushatyn-ushaq-rekord-ornatty-video-16891/#gsc.tab=0);

«Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sutegimen-juretin-giperdybysty-ushaq-sagatyna-15-myn-shaqyrym-qashyqtyqpen-qozgalady-video-16305/#gsc.tab=0);

«Ұшақ алғаш рет өсімдіктен алынған маймен ұшты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ushaq-algash-ret-osimdikten-alyngan-maimen-ushty-video-16585/#gsc.tab=0);

«Экологиялық аммиак отынмен ұшатын ұшақ келесі жылы алғаш рет әуеге көтеріледі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekologiyalyq-ammiak-otynmen-ushatyn-ushaq-kelesi-jyly-algash-ret-auege-koteriledi-fotovideo-16782/#gsc.tab=0);

«Электрмен ұшатын африкалық ұшақтың артықшылығы»  (https://islam.kz/kk/news/gylym/elektrmen-ushatyn-afrikalyq-ushaqtyn-artyqshylygy-video-16162/#gsc.tab=0);

«Дыбыс жылдамдығымен ұшады десе де болатын, суға да қона алатын амфибия ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dybys-jyldamdygymen-ushady-dese-de-bolatyn-suga-da-qona-alatyn-amfibiya-ushaq-video-16369/#gsc.tab=0);

«Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/oq-tarizdi-ushaq-lainerge-qaraganda-otyndy-80-ga-unemdeidi-video-16069/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alemdegi-en-alyp-ushaq-synaqtan-satti-otti-video-9392/#gsc.tab=0);

«Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ алғаш рет төрткүл дүниені шарлап шықпақ» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/kun-batareyasymen-jumys-isteitin-ushaq-algash-ret-tortkul-dunieni-sharlap-shyqpaq-foto-1806/#gsc.tab=0);

«Апат болған жағдайда жолаушыларды аман алып қалатын ұшақ құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/apat-bolgan-jagdaida-jolaushylardy-aman-alyp-qalatyn-ushaq-qurastyryldy-4129/#gsc.tab=0);

«Қанатына жолаушылар мінетін ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qanatyna-jolaushylar-minetin-ushaq-video-11957/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат