Duovox Night Vision монокуляры түн қараңғылығында жарық етіп көрсетеді (видео)
Duovox Night Vision монокуляры түн қараңғылығында жарық етіп көрсетеді (видео)
4 күн бұрын 765 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Duovox компаниясы Indiegogo сайтында түнде көруге мүмкіндік беретін монокулярының жетілдірілген Ultra Pro нұсқасын жұртшылық нахарына ұсынды; ол кішкентай смартфон камерасымен жабдықталған. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 3,75 x 3,75 микрон деңгейінде ажыратып көрсетуге «анық көрсетуге) қабілетті 1/1,79 дюймдік CMOS сенсоры алдыңғы Ultra үлгісімен салыстырғанда  түнгі кескіндердігі түстің сапасын 60% жақсартуға мүмкіндік береді. Ол «өте жылдам» F/0,8 апертурамен жұптастырылған кезде, шуды азайтып, кескін сапасын жақсартатын кезде әлдеқайда көп жарық түсіреді. Құрылғыны әзірлегендер AI (жасанды зерде) көмегінсіз кескіннің жүз пайыз айқындығына қол жеткізе алды. Ultra Pro құрылғысы 1080p ажыратып көрсету мүмкіндігімен таспаға тартып ала алады. Ultra сияқты ол 850 нм IR жарық ету қабілетімен ерекшеленеді, бұл артықшылығы 1 шақырым қашықтықтағы нысандарды көру үшін қажетті жарық деңгейін таңдауға мүмкіндік береді. Суретті көру 480 x 360 рұқсаты бар 2 дюймдік IPS дисплейімен қамтамасыз етіледі. Монокулярдың қуат көзі - салмағы 700 г тартатын Li-Po батареясы, оның сыйымдылығы - 6000 мАч және жұмыс істеу мерзімі - 10 сағат. Миниатюралық камера смартфонның USB-C портына қосылады. Ол F/0,9 диафрагмасы бар 90 градустық кең бұрышты объективпен жабдықталған, смартфонның батареясынан қуат алады және түнде 100 м-ге дейінгі ауқымда төңіректі таспаға тартып алуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат