Дүлей дауылдың ығында кетпейтін дрон құрастырылды (видео)
Дүлей дауылдың ығында кетпейтін дрон құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 1907 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жел мен жаңбырға төтеп беріп қана қоймай, осындай күйде видео түсіретін дронның болуы ғылым мен техниканың үлкен жетістігі саналады. Бұл жайында islam.kz порталы BGR ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық мұхит және атмосфера басқармасының өкілдері «Фион» дауылын зерттеу үшін Saildron ұшқышсыз ұшағын пайдаланды. Олар құйынның ішінде не болып жатқанын дрон арқылы таспаға тартып алды. YouTube сайтында жарияланған бейне көрініс ұзақтығы 27 секундтан аспайды, дауылдың қосымша бейнесін есептемегенде, оған NOAA «ерекше сәттер» деп атайтын тағы 30 секунд қамтылған. Кадрларда биіктігі 15 метрге жететін толқындар мен дронды Атлант мұхитында тербеткен дауылдың алапат көрінісін байай аласыз. Желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жетті. Компания теңіздегі ұшқышсыз ұшқыштар мұндай жұмыстарды орындау үшін арнайы жасалғанын және осындай атмосфералық құбылыстарды зерттеуге көмектесетінін айтады. NOAA мақсаты дауылдың ортасынан, желдің екпіні ең күшті аймақтан өтуге саяды.

0 пікір
Мұрағат