Дұға етуді де роботқа жүктеп қойды (видео)
|
Париж қаласындағы Помпиду ұлттық өнер және мәдени орталығында «Жалбарынушы» деп аталатын инсталляция пайда болды. Роботталған силиконды мұрын мен ауыз дұғаны имитациялайтын сөз тіркесін айтады. Генерациялайтын жасанды интеллекті көмегімен. Инсталляция авторы Димут Штребенің айтуынша, машина сөз тіркесін синтаксистік тұрғыдан дұрыс жеткізе алады. Германиялық суретші Димут Штребе «Жалбарынушыны» жасауда әлемнің барлық діни мәтіні мен дұғаларын қамтитын алгоритмді пайдаланған. Мұндағы мақсат жасанды интеллектіні адам өмірінің барлық саласына енгізуге саяды. Соның ішінде, діни өміріне де. Әйтсе де адамды алмастыра алмайтын салалардың барын және ондай салалардың біріне адамның дүниетанымы мен сеніміне байланысты саланы да жатқызуға болады. Өкініштісі, технологияны адамның ең бір қол сұғуға болмайтын жеке өмірінің қастерлі әлеміне тықпалағанда кім не ұтты? Бұл енді өз алдына бөлек тақырып. Десе де соңғы жылдары технологиялық жетістіктерді алға тартып, адам құқығын өрескел бұзатын технологиялық тоталды бақылау әдепкі жайтқа айналып барады. Айта кетейік, Димут Штребеге Массачусет технологиялық институтының компьютерлік ғылым мен жасанды интеллекті зертханасының ұжымы жұмыла көмектесті. Олар әлемдік діндердегі діни мәтіндер мен дұғаларды топтастырып OpenAI бағдарламасында өңдеуден өткізді. Өздерінің дұғаларын компиляциялағаннан кейін мәтінді сөзге айналдыру үшін программалық бағдарламаны пайдаланды. Осы мақсатта Amazon компаниясының Kendra даусын пайдаланды. Помпиду орталығындағы көрмеден кейін «Жалбарынушы» әлемнің әр түкпіріне «саяхаттайтын» болады. Мұндағы мақсат не? Ашып айтылмаған.
Қарай отырыңыз:
Пұтханадағы кибер пірәдар (видео)
(сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/puthanadagy-kiber-piradar-video-13301/#gsc.tab=0)