|
Дубай маңындағы елеске айналған елді-мекендер (фото)
|
Oсы заманғы сәулетімен, озық технологиясымен, төбесі көк тіреген зәулім ғимараттарымен, т.б. артықшылықтарымен әлемге әйгілі қалаға айналған Дубайдан қолсозым жерде мүлде басқа көрініс күтіп алады. Дәлірегі, аталған қаладан 60 шақырым қашық жатқан бұл елді-мекенде кезінде әл-Мадама маңайын мекен еткен ірі үш тайпаның құрамына кіретін әл-Кутби руының өкілдері тұратын. Осыдан он жыл бұрын бұл елді-мекен қағырап бос қалады. Бұған құмның көшуі мен сырғуы себеп болды. Тұрғындар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұрып, қайран қыла алмады. Бүгінде бұл маң туристер тамашалап кететін орынға айналған. Бұл жердің құмы сусымалы келеді, кез келген титтей саңылаудан саулап, басып қалады.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...