Дронды ойша басқаруға көмектесетін каска жасалды
Дронды ойша басқаруға көмектесетін каска жасалды
2 жыл бұрын 1783 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Victor Lisitsyn/ Globallookpress.com

В.А. Трапезников атындағы және Воронеж мемлекеттік университетінің (Ресей) ғалымдары ой күшімен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқаруға арналған нейрошлем әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы «Известия» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылғы нейрогарнитурадан және смартфонға арналған арнайы қосымшадан тұрады. Ол мидың электрлік сигналдарын оқиды, ал қосылу үшін гель немесе электродтары бар қосымша қақпақтар қажет емес. «Құрғақ электрод шлемге немесе қалпақшаға орнатылады. Мобилді құрылғыға арналған арнайы әзірленген қосымша бар, ол электр сигналдарын қабылдайды, оларды декодтайды және оларды дронды немесе кез келген басқа ұшқышсыз құрылғыны басқару командаларына интерпретациялайды», - деді Ресей ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері Данияр Вольф. Бұл құрылғыны далада және төтенше жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылғы оператордың денсаулығы мен көңіл-күйін де тіркей алады. Ғалымдар бұл технология болашақта әскерилер, құрылысшылар, геологтар арасында сұранысқа ие болады және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де өзекті болады, деп есептейді. Әзірлеушілер осылайша дронды ғана емес, автокөлікті, қайықты, ұшақты, тіпті ғарыш кемесін де басқаруға болатынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат