Дрондарды жоятын CobraJet жойғыш ұшағы 5-ші буынға жатады (видео)
|
SkyDefense компаниясының уәдесіне сәйкес өз мамандары құрастырған «CobraJet» деп аталатын жаңа ұшу аппараты келесі жылдың екінші тоқсанында саудаға шығуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дрондар мен өзге де ұшқышсыз ұшу аппараттарына және жер бетіндегі роботтарға қырғидай тиетін CobraJet бесінші буынның жойғыш ұшақтарының шағын нұсқасы тәрізді көрінеді. Сағатына 320 шақырым қашықтықпен қозғалатын аппаратның қанат ұзындығы – 1,5 м, ал жалпы тұрқының ұзындығы – 1,8 м. Ұшу аппараты реактивті қозғалтқыштың имитаторымен жабдықталған – электрлі қозғалтқыш турбинаны айналдырады. Жоспар бойынша аппарат тігінен ұшу жүйесіне ие болады. Бұл ұшу аппараты жасанды зердемен басқарылады. Яғни, өздігінен жау нысанын тауып жоятын қабілетке ие. Ол электронды соғыс жүйелерінің әсерінен қорғалған: көрінуі төмен, оның ішінде инфрақызыл диапазонда, сондай-ақ, кедергісі мен қиын орталарда (төмен биікте, су үстінде және шөлде жұмыс істегенде шаң-тозаң, тұзды су және құм борағанда) ұшуға арналған арнайы датчиктермен жабдықталған. CobraJets эскадрилия құрамында жұмыс істеуі мүмкін және оны кез келген әскери көліктен ұшыруға болады. CobraJet-тің негізгі қаруы — 30 мм калибрлі кинетикалық соққы бөлігі бар, жылдамдығы жоғары VIPER зымыраны. CobraJet толтырылатын оқ-дәрі құралы бар, бірнеше мәрте қолданылатын құрылғы болғандықтан, оны қолдану құны өзге ұшу аппараттарының қолданыстағы әдістеріне қарағанда арзанға түседі.