Донор жүрегін сақтау мерзімін ұзартатын әдіс табылды
Донор жүрегін сақтау мерзімін ұзартатын әдіс табылды
1 жыл бұрын 1130 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Новосібірдегі Е.Н.Мешалкин атындағы ұлттық медициналық ғылыми орталықтың кардиохирургтары донорлық жүректің қызмет ету мерзімін төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұзарта алды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде ағзаны шалғай аймақтардан жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жайт ағзаға мұқтаж науқастардды аман алып қалу мүмкіндігін арттырады, дәлірегі, трансплантациялау мүмкіндігін арттырады. Максим Жулков есімді кардио-тамыр хирургының айтуынша,  аутоперфузияны қолдану арқылы донорлық жүректі алты сағат бойы денеден тыс жерде сақтауға болады. Осы уақыт ішінде ағзаның қызметі, параметрлердің өзгерісі, қан құрамы, миокардтың жиырылу қабілеті УДЗ көмегімен бақыланады. Ресейлік ғалымдар мұнымен ғана шектеліп қалмай алдағы уақытта донорлық жүректі 24 сағат бойы сақтауға мүмкіндік беретін ерітінді жасауға бел буып отыр.

0 пікір
Мұрағат