DJI өзінің алғашқы FlyCart 30 курьер дронын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
DJI өзінің алғашқы FlyCart 30 курьер дронын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
11 ай бұрын 1123 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастыру саласында әлемде көш бастаған қытайдың DJI компаниясы сәлемдемені тиісті жеріне жеткізетін өзінің алғашқы курьер дронын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. FlyCart 30 ұшқышсыз ұшу аппараты төрт тірекке жұптастырылған (үстіңгі және астыңғы) сегіз қозғалтқышпен жабдықталған және сағатына 70 шақырым жылдамдықпен 15 шақырымға дейінгі қашықтықта 30 келіге дейін пайдалы жүкті тасымалдауға қабілетті. Егер оның бір батареяны алып тастасаңыз, жүк көтеру мүмкіндігі 40 келіге дейін артады, алайда, ұшу қашықтығы екі есе азаяды. FlyCart 30 жүкті екі түрлі әдіспен жеткізеді. Біріншісі, жүк 70 литрлік жүк бөліміне тиеу арқылы. Ал екіншісі - жүк ұшқышсыз ұшу аппаратының астындағы механикалық жүкшығырға қосылған кабелге бекіту арқылы. Дронды оператор 20 шақырымға дейінгі қашықтықта басқарады. Бұған дронға орнатылған GPS сенсорлары мен HD камералары көмектеседі. Ол фазалық радар мен бинокулярлық көру жүйелерін пайдалана отырып, кедергілерді өз бетінше еңсере алады. Қозғалтқыштар істен шыққан жағдайда апаттық парашют іске қосылады. Квадрокоптердің өзін-өзі қыздыратын қуат көзі -20-дан +45 °C-қа дейінгі температура диапазонында ұшуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат