Дипломды жоғалтып алған жағдайда қайдан алуға болады
Дипломды жоғалтып алған жағдайда қайдан алуға болады
5 жыл бұрын 2634

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың телнұсқасын Egov арқылы алуға болады. Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Әртүрлі жағдайларға байланысты жоғарғы білімі туралы дипломды жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда она қалайша қалпына келтіруге болады деген сауал туындайды. 

Сондай-ақ құжатты қайта жасату үшін не қажет және бұл қызмет түрі ақылы ма деген сұрақтарға жауап іздейтіндер аз емес. 

Қазір осы қызмет түрін онлайн түрде алуға болады. Ол үшін келесідей қадамдар жасау қажет:

1. www.egov.kz порталынан авторизациядан өтіп, «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасына көшу қажет.
2. Өтініш толтырып, өтінішке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою қажет.
3. Жеке кабинетте («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) өтініш қызметін көрсету нәтижесімен танысу қажет.

Қазір заманға сай қадам басу қажет, бұл дегеніміз қызметті электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алу. 

0 пікір
Мұрағат