Демікпе дертінің психогендік себебі айтылды
Демікпе дертінің психогендік себебі айтылды
2 жыл бұрын 2150 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Андрей Продей есімді ресейлік педиатр және иммунолог демікпе дертінің дамуынан хабар беруі мүмкін, алайда, толық нақтыланбаған анық емес себебін атады. Zen платформасындағы блогында жарияланған бейнеде ол қолайсыз эмоциялық фонның аталған аурудың өршуіне себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бронх демікпесі - тыныс алуды қиындататын созылмалы аллергиялық қабыну.  «Бронхтардың люмені ісіну мен спазмаға байланысты кішірейеді», - деді ол. Білікті маманның айтуынша, аллергиялық реакциялар көбінесе аурудың дамуына ықпал етеді. «Алайда, елеусіз қалдыруға болмайтын бір нәрсе бар - бұл психогендік факторлар», - деді ол. Дәрігер эмоционалды компоненттің демікпенің өршуіне тікелей әсер ететінін алға тартты. Статистикалық мәліметке сәйкес эмоциялық тұрақсыз отбасылардан шыққан балалардың арасында демікпе дертіне шалдығу көрсеткіші 60 пайызға көп.

Ұқсас материалдар:

"Атмосферадағы ластаушы заттардан 2 млн-ға тарта бала демікпе дертіне шалдыққан" (https://islam.kz/kk/news/alem/atmosferadagy-lastaushy-zattardan-2-mln-ga-tarta-bala-demikpe-dertine-shaldyqqan-16264/#gsc.tab=0);

"Жаһандық жылынудан аллергия мен демікпе аурулары өршиді" (https://www.islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynudan-allergiya-men-demikpe-aurulary-orshidi-16532/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат