ДДСҰ: Жер тұрғындарының 92% ластанған ауамен демалады
ДДСҰ: Жер тұрғындарының 92% ластанған ауамен демалады
8 жыл бұрын 3375 inform.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) зерттеу нәтижелерін жариялады. Осығған сәйкес ғаламшардың он тұрғынының тоғызы ауасы ластанған аумақтарда тұрады. ДДСҰ бұл саладағы «төтенше жағдай» жайлы ескертті.

"Ауаның ластануы мәселесі өзектілігін ұлғайтып келеді. Ол экономиканың жағдайы мен адам өмірлерінің сапасына әсер етуде. Бұл денсаулық сақтау саласы үшін төтенше жағдай", - делінген ДДСҰ баяндамасында.

Ұйым ауа тазалығын өлшеу мәліметтеріне негізделген әлемнің арнайы интерактивтік картасын құрды. Ауада зиянды заттардың болуы Қытай мен Үндістанда ғана емес, сонымен қатар, Еуропаның көптеген елдерінде, Ресейдің еуропалық бөлігінде ДДСҰ нормаларына сай емес.

Ағымдағы жылдың мамырында ДДСҰ қалалардағы ауа сапасы төмендеп жатыр деген шешімге келді. Бұл аурулардың туу қаупін арттырып отыр. Ұйым мәліметтеріне сәйкес, Жер тұрғындарының 80% астамы ауасы ластанған жерде тұрады. 

0 пікір
Мұрағат