Дауылға «бой бермейтін» шатыр жасалды (видео)
Дауылға «бой бермейтін» шатыр жасалды (видео)
3 ай бұрын 1018 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Thecatal компаниясы Wind Anchor деп аталатын,  сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соғатын желге (дәлірегі, дауылдың екпініне) төтеп бере алатын, туристерге арналған инновациялық шатыр әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бар құпиясы астыңғы жағы арқылы қосылған екі конусқа ұқсайтын пішінінде жатыр. Бұл шатырды құру оңай, ал бекітілуі керек бұрыштардың саны аз. Әзірлеуші ​​тарап тіректі алдын ала құрастырған жағдайда Wind Anchor шатырын бар болғаны 10 секундтта орната алатынын алға тартып отыр. Айрықша шатыр «ақылды» желдету жүйесімен жабдықталған және ауа өткізетін нейлоннан жасалған. Екі қазықпен және тұғырмен жабдықталған Pro нұсқасының салмағы - небәрі 782 грамм, ал бүктелген кезде өлшемдері 28x10x10 сантиметрден аспайды. Шатыр «1,5 адамға» арналған», - делінген компания каталогында. Яғни, екі саяхатшы сыяды, десе де Wind Anchor-ды жеке баспана ретінде қарастырған дұрыс. Жаңа өнім Kickstarter платформасында пайда болды. Негізгі жиыны 249 доллар бағада 30 пайыздық жеңілдікпен ұсынылады.

0 пікір
Мұрағат