Дәрігерлер алғаш рет ана құрсағындағы баланы өлімге әкелетін генетикалық аурудан сауықтырды
Дәрігерлер алғаш рет ана құрсағындағы баланы өлімге әкелетін генетикалық аурудан сауықтырды
2 жыл бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің дәрігерлері туғаннан кейін көп ұзамай нәрестелердің шетінеуіне әкелетін, сирек кездесетін генетикалық аурудан құрсақтағы нәрестені алғаш рет емдеді. Бұл жайындағы islam.kz порталы Medical Xpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Емделген қыз дер кезінде дүниеге келді, қазір 16 айлық. Кішкентай науқастың есімі - Айла Башир. Ана құрсағында оған Помпе ауруы диагнозы қойылды. Оның салдарынан бұлшықет және жүйке жасушалары зақымдалады - тері мен шырышты қабаттар цианозға айналады, тіл гипертрофиясы, ісіну, тахикардия, дем жетпей қалатын белгілері бар ауру түрі. Балалардың көпшілігі өмірінің алғашқы екі жылында шетінеп кетеді. Айланы емдеу үшін дәрігерлер анасының жүкті кезінде жатырында ферментті алмастыратын терапия жүргізді. Әйел мен ұрық алты процедурадан өтті. Қазір Айланың ем-домы жалғасуда. Қыз өзін жақсы сезінеді және жетілуінде ауытқу байқалмайды.

0 пікір
Мұрағат