Cубмаринадан жіберілетін алғашқы квадракопер дроны жұртшылық назарына ұсынылды (фото+видео)
Cубмаринадан жіберілетін алғашқы квадракопер дроны жұртшылық назарына ұсынылды (фото+видео)
3 жыл бұрын 1932 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің SpearUAV қорғаныс компаниясы барлау функциясын орындайтын, су астынан жіберілетін Ninox 103 автономды режимде жұмыс істейтін беспилотник шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы spearuav.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Су астында болатындықтан субмаринаның, тіпті, перископ (тасадан, жертөледен, окоптан, т.б. қарауға мүмкіндік беретін барлау құралы) болған күннің өзінде су бетіндегі жағдайда бақылау мүмкіндігі шектеулі. Бұл проблеманы шешу үшін әуеге ұшатын гирокоптер мен кәдімгі батпырауыққа, тіпті, ұшақты пайдалануға дейінгі нұсқалар ұсынылғанымен олардың барлығы қолайсыздық тудырған, өйткені, олардың өзін ұшыру үшін субмарина су бетіне шығуы тиіс еді, ал бұл жауға өз-өзін ұстап бергенмен бірдей қауіпті шешім болар еді. Ninox 103 — бір орнында кідіре алатын әррі барлық бағытқа ұша алатын дрон-квадрокоптер. Бастапқыда аппарат арнайы контейнерде болады. Қажет кезінде ол су бетіне қалқып шығып, ұшады. Аппарат 10 шаырымға дейін ұша алады, ұшу уақытынң ресурсы – 45 минут, 1 келі салмаққа дейінгі жүкті алып жүре алады өзімен бірге. Ол жылу (термиялық) және көрнекі (визуалды) радарға жасырын, сонымен қатар, нысананы автоматты түрде таба алады әрі жасанды зердемен жабдықталған. Субмаринамен, арнайы жасақпен байланыс құпияланған арналар арқылы байланысады. SpearUAV компаниясының бас директоры Гади Куперман өзгеше аппараттың сынақтан сәтті өткенін әрі пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

Дрон SpearUAV

Дрон SpearUAV

0 пікір
Мұрағат