Чат-боттың қауіптілігі неде екені айтылды
Чат-боттың қауіптілігі неде екені айтылды
2 жыл бұрын 2351 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары чат-боттармен деректерді бөліспеуді ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Standard мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Майкл Булдриж есімді Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) информатика профессорының айтуынша, ChatGPT сияқты чат-боттар пайдаланушының қойған сауалдарға жауап береді. Бұл жағдайда құрылғы болашақта басқа пайдаланушылардың сұрауларына жауап беру кезінде тұтынушылардың жеке деректерін пайдалана алады. Осылайша алдыңғы пайдаланушының мәліметтері өзге біреулерге белгілі болады. Чат-боттың қауіптілігі осында екенін ескерткен сарапшы барлық ақпараттың сақтаулы тұратынын және келесі ұрпаққа берілетінін жеткізді. Осылай деген ол абайсызда жүктеліп кеткен құпия ақпараттарды жою мүмкін еместігін алға тартты. Ai-Da жобасының директоры Айдан Моллер жасанды зерденің (AI) әлеуеті мен мүмкіндігінен сақтану керектігін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол 2024 жылды AI үшін өте маңызды жыл болатынын ескертті, өйткені, көп ұзамай деректерді тек мәтін түрінде ғана емес, басқаша жолмен де генерациялай алатын ChatGPT жаңа нұсқасы шығады.

0 пікір
Мұрағат