Cаудияда Кока-Коланың баламасы жасалды
|
Сауд Арабиясында күллі әлем тұтынатын әйгілі газдалған сусынның (Coca-Cola) жаңа баламасын – құрамында қанты жоқ Milaf Cola сусынын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұш өнім елдегі тағам өнімдеріне деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру әрі жергілікті тауарлар ассортиментін ұлғайту мақсатында жасалды. Milaf Cola сусынының тұсаукесер рәсімі Ер-Рияд қаласында өткен құрма фестивалінде болды: Саудияның тікелей инвестиция қорының (PIF) еншілес кәсіпорны - Thurath Al Madina компаниясы жұртшылық назарына ұсынды. Аталмыш компания өкілдері бұл сусынның құрма негізінде жасалғанын айта келе азық-түлік өнімдерін әртараптандыру жобасыныңм бір бөлігі екенін жеткізді. «Thurath Al Madina» компаниясының бас директоры Бандар әл Кахтани саудиялық құрманың маңыздылығын насихаттауда дұл сусынның алар орны ерекше екенін тілге тиек етті. Осылай деген ол болашақта құрманы құнарлы әрі пайдалы тағам ретінде кеңінен дәріптеу үшін қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтасып, бірлесіп жұмыс істейтіндерін де жасырмады. Ал аталмыш министрлік өз кезегінде Саудия аумағында өсірілетін құрма ішкі нарықты ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар, сыртқа да шығаруға болатын деңгейге жеткенін мәлімдеді. Дәлірегі, жылына САудияда 1,6 млн тоннадан аса құрма өндіріледі. Бүгінде құрма алқаптарының жалпы ауданы 165 мың гектерадан асатынын да айта кету керек.