|
Cахара шөлі жауын-шашын көп түсетін аймаққа айналады
|
Сахара – әлемдегі не ірі әрі ең танымал шөл. Бұл аймақта жылына шамамен 75 мм жауын-шашын түседі. Бұл жайында islam.kz порталы npj Climate and Atmospheric Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, жаһандық жылынуға байланысты орын алған климат өзгерісі Сахара шөліне қолайлы жағдай тудырады. Чикагодағы Иллион универистетінің ғалымдары келтірген дерекке қарағанда, XXI ғасырдың екінші жартысында Африка құрлығының солтүстігінде орын тепкен осынау шөлде жауын-шашын мөлшері бұрынғы нормасына қарағанда 75%-ға артады. Әсіресе, мұндай қолайлы ахуал Африканың оңтүстік-шығысынан оңтүстік орталығына дейінгі өңірді де қамтитын болады. Бұл бағыттағы зерттеуде 1965-2014 жылдардағы тарихи кезеңмен салыстырғанда ХХІ ғасырдың екінші жартысында Африка құрлығы бойынша жазғы жауын-шашынды болжау үшін 40 климаттық үлгіден тұратын деректер жиынтығы пайдаланылды. Сарапшылар екі климаттық сценари негізіндегі моделдер нәтижесін талдады: біреуінде парникті газдардың атмосфераға орташа бөліну деңгейі, екіншісі - өте жоғары деңгейі қарастырылған. Екі сценари де ХХІ ғасырдың соңына қарай Африка құрлығында жауын-шашынның көбейетінін көрсеткен. Атап айтқанда, Сахарда жауын-шашын мөлшері 75% -ға, оңтүстік-шығыс Африкада 25% -ға және оңтүстік-орталықта 17% -ға арту ықтималдылығы жоғары. Аталған құрлықтың оңтүстік-батысында жауын-шашын керісінше 5%-ға кем түседі. Болжамды өзгерістер негізінен жаһандық жылынудың салдарына байланысты орын алады, өйткені, температура көтерілгеннен кейін атмосфера ылғалды көбірек ұстайды, ал бұл құбылыс өз кезегінде жауын-шашынды күшейтеді. Атмосфералық айналымдағы өзгерістер кейбір өңірлерде де жауын-шашын мөлшерін азайтуда өз рөлін атқарды. «Жауын-шашынды басқаратын физика тетіктерін түсіну неғұрлым ылғалды және құрғақшылық болашаққа төтеп бере алатын бейімделу стратегияларын әзірлеу үшін өте маңызды», - деп түйіндеді ғалымдар.