БҰҰ үлге еткен ауыл шаруашылығы (видео)
БҰҰ үлге еткен ауыл шаруашылығы (видео)
4 жыл бұрын 3716 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапондар дегенде, ең алдымен көз алдымызға жер аумағы бір облыстың көлеміндей болғанымен экономикасы мен индустриясы, туризімі мен технологиясы қарыштап дамыған ел келеді. Бұдан бөлек, салтына берік самурайлар көз алдымызда көлбеңдеуі мүмкін. Десе де қиыр шығыста, аралда орналасқан күншығыс елінде ауыл шаруашылығынан, мәселен, күріштің қалай өсірілетінінен хабарымыз жоқ. Жапонияда кезінде күрішті өсірмей-ақ, сырттан тасып жеткізудің әлдеқайда арзанға түсетіні айтылып, күрішті өсірмей-ақ қою турасында ұсыныс айтылған. Алайда, ата-бабасынан күрішті тұтынып келе жатқан халық бұған келіскен емес. Қымбатқа түссе де күріш өсіруді тоқтатқан емес. Оның үстіне, бұл азық-түлік қауыпсіздігі үшін де маңызды сала екенін айта кетпеске болмайды. Солай. Жапон теңізіне сұғынып жатқан Ното түбегіндегі Исикава префектурасының тұрғындары талай ғасыр бойы күріш өсіріп, балық аулап, табиғатпен үйлесімде, үндестікте өмір сүріп келе жатыр. 2011 жылы күншығыс елінің аталмыш ауданы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы тарапынан «Әлемдік маңызы зор ауыл шаруашылық мұрасының жүйесі» атағына ие болды. Уадзима қаласын маңындағы Сироёнэ беткейіндегі Сироёнэ-сэммайда күріш алқабынан бөлек ас тұзы дәстүрлі жолмен өндірілетін Жапониядағы жалғыз орын бар – аталған түбектегі Судзу қаласында. Мұндағы  минералдарға бай теңіз тұзы шетелде танымал.

0 пікір
Мұрағат