Бүкіл планетаның жасыл энергияға көшуі қанша ақшаны үнемдеуге көмектесетіні белгілі болды
Бүкіл планетаның жасыл энергияға көшуі қанша ақшаны үнемдеуге көмектесетіні белгілі болды
2 жыл бұрын 1264 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таза энергия көздеріне жылдам көшу көптеген адамдар ойлағандай қымбатқа түспейді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оксфорд университетінің зерттеушілері қазбалы отын ресурсынан бас тартып, планетаны жаңартылатын энергия көздеріне ауыстыру арқылы 2050 жылға қарай 12 триллион долларға дейін үнемдеуге болатынын есептеп берді. Жасыл энергияға бағдар алудың қиындығына байланысты мұнайдан, көмірден және газдан бас тартқысы келмегені үшін адамдар үлкен шығыннан құтыла алмайды. Оны өндіруден бастап, қоршаған ортаға келетін зияны мен денсаулық сақтау саласына орасан зор салмақ түсіретіндіктен жаңғыртпалы энергия көздері мейлінше тезірек көшу керек. Тек экологияға ғана емес, сонымен қатар, экономикаға тиімділігін ескерсек, таза энергия көздеріне жылдам көшу көпшілік ойлағандай қымбатқа түспейді. Жаңартылатын энергия көздері ұзақ уақыт бойы болмаған, сондықтан олар туралы деректер объективті түрде аз. Дегенмен, әртүрлі инновациялар күн мен жел энергиясының құнының жылына шамамен 10%-ға төмендеуіне әкеледі. Ғалымдар энергетикалық дағдарысқа байланысты қазбалы отынның құны бірте-бірте көтерілетінін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат