Британ стартапы баламен бірге өсетін аяқ киім әзірлейді
|
Британдық Pip & Henry стартапы бала өскен сайын созылатын немесе керілетін кроссовка әзірлейді. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com сайтына немесе The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзгеше балалар аяқ киімі үш жарым размерге дейін ұлғаяды. Бұл стартап өз кезегінде климат дағдарысымен күресуге көп көмегімен тигізеді. Аталмыш технология мұндай аяқ киімнің жарамдылық мерзімін кем дегенде екі есеге арттырады. Осылайша аяқ киім өндірісі мен шикізатына кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, өндірістен қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін азайтады. Бұдан бөлек, қоқысқа тасталатын аяқ киімдер мөлшерін де азайтады. Осынау брендтің негізін қалаған Джеру Дудамалдың айтуынша, мұндай ой қызы туғаннан кейін пайда болған. Бұған балалардың бір алған киімді тоздырмай жатып тез өсетіні себеп болған, балаға сыймай қалған бүтін киімдер қоқысқа тасталады. Ал оларды тігуге кеткен қанша ресурс, адам күші мен уақыты өз-өзін ақтамайды. Қазіргі уақытта Pip & Henryт стартапы созылатын аяқ киім табанын әзірлеу үстінде. Ықтимал нұсқалары: қажетті жағдайға қарай кеңеюге мүмкіндік беретін икемді материал, сондай-ақ, жылжымалы тетік, т.б. Экологиялық мұндай аяқ киім 2023 жылы саудаға шығарылады. Аталған стартапты жаасаушылар бағасы мейлінше арзан етуге тырысатындарын жеткізді.