|
Болашақта қазіргі жасөспірімдердің 80%-дан астамы дімкәс болады
|
Бүгінгі таңда әлемдегі жасөспірімдердің 81%-ның өмір сүру салты дене белсенділігінен алыс жатыр. Яғни, қимыл-қозғалысы аз. Бұл фактор болашақта олардың денсаулығына өз салқынын тигізбей қоймайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы мәселеге қатысты есебі Lancet Child & Adolescent Health мерзімді басылында жарияланды. Тіпті, дене белсенділігі жағынан жоғары көрсеткішке ие Бангладештің (қара күшті қажет ететін қара жұмыс турасында айтып отыруы мүмкін – ред.) өзінде жасөспірімдер арасында тәулігіне бір сағатқа толмайтын дене белсенділігін «жүзеге асыратындар» қарасы шамамен 34%-ды ғана құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасаған аталмыш тізімнің ең соңында Оңтүстік Корея жастары жайғасқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды