Болашақ зеңбірегі: әлеуметтік желіде дрон жойғыш қару үлгісі пайда болды (видео)
Болашақ зеңбірегі: әлеуметтік желіде дрон жойғыш қару үлгісі пайда болды (видео)
2 жыл бұрын 1564 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Париждегі Euronaval 2022 әскери-теңіз қорғанысы көрмесінде ұшқышсыз ұшақтар тобын жоя алатын әскери мұнараның прототипі ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай мұнаралардың бірі 4000 метр радиуста барлық дрондарды жоя алады. Қашықтан басқару пульті және смарт оқ-дәрілерді таңдау жүйесі бар. Аталған қару түрін құрастырушылар әрбір жаңа шабуыл жүйесі жаңа қорғаныс жүйесін құруға түрткі болатынын мәлімдеді. Бүгінгі таңда дрондар және шағын миналар кеңінен пайдаланылатын болған. Осының бәріне қарсы RAPIDFire құрастырылды. Мұнаралы қару жау қаруын іздеудің және нысанаға алудың озық технологиясымен жабдықталған, дәлірегі, ақылды жүйесіне ие. Құрылғының өзі дрондарды тауып, 4000 метр қашықтан қағып түсіред, яғни, нысанаға дәл атылады. Адамға ештеңе істеудің қажеті жоқ. Жаңа қару түрін 140 оқпен оқтауға болады, яғни, 140 оқты сыйдыра алады. Сондай-ақ, мультиспектрлі көздеу, жоғары жылдамдықты лазерлер және қашықтан басқару жүйесі бар. RAPIDFirе-ні құрастырушылар оқтардың әр түрлерін қарудың оқшантайына толтыра алатынын атап өтті. Мұнаралы қарудың өзі нысананы анықтап, қажетті оқ-дәрілерді таңдай алады. Мұндай мұнара шағын кемелерде, жағалауларда, жүк көліктерінде және ғимараттарда орналасуы мүмкін. Құрылғыны 2023 жылы жаппай өндіріске енгізу, яғни, көптеп құрастыру жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат