Болашақ Ford көліктері автокөліктің несиесін уақытында төлемесе, жаңа қожайынын өздігінен тастап кете алады
|
Бұл технология көлік құралының төлемін дер кезінде жүзеге асыра алмаған адамға қиын тиейін деп тұр. Ford компаниясы автокөлік иесінің темір тұлпарынан айырылып қалмауы үшін несие төлеу процесін жүргізуге рұқсат беретін патент алуға өтініш берді. Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Көлік құралын тәркілеу жүйелері мен әдістері» патенттік құжаты АҚШ патенттік кеңсесіне 2021 жылдың тамызында берілген, алайда, ресми түрде осы аптада жарияланған. Ол бірнеше көлік төлемін өткізіп алған адамның өмірін қиындатудың бірнеше жолдарын сипаттайды. Автоқұрастырушы автокөлік несиесі бойынша төлемдерді жиі кешіктіретін адамдармен жұмыс істеу үшін осындай тұтас жүйені ойлап тапты. Айрықша жүйеге тән мәжбүрлеу шараларының бір бөлігіне тоқтала кетсек, кейбір функцияларды круиздік бақылаудан бастап, көліктегі желдеткішті немесе қозғалтқышты кезең-кезеңімен, біртіндеп өшіру; кабинадағы жағымсыз дыбысты қосады; көлікке кіруге болмайтындай есікті жауып тастайды; т.б. Бұған қоса, жүйенің көмегімен көлікті тәркілеу банкке тиімді ме, сол жағы есептеледі. Технология көліктің күйіне және басқа факторларға байланысты бағаны әділ есептейді. Егер тәркілеу тиімсіз болса, онда көлік ақырында металл қорытылатын (метллом) жерге өткізіледі.