Boeing реактивті снаряды ату қашықтығы бойынша рекорд орнатты (видео)
|
Boeing компаниясы Nammo норвегиялық қорғаныс мердігерімен бірге америкалық әскерлер үшін артиллериялық оқ-дәрілердің жаңа түрін – Юма полигонында сынақтан сәтті өткен 155 мм-лік Ramjet типті, нысанаға тігінен дәл тиетін реактивті әуе снарядын әзірледі. Оқ 58 калибрлі мылтықтан атылған. Бұл жайында islam.kz порталы techcult сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәдімгі артиллерия, оның ішінде заманауи зеңбіректік артиллериялық жүйелер мен MLRS өз мүмкіндіктерінің соңғы шегіне жетті, бұл жайт өз кезегінде әскери инженерлерді өте ұзақ қашықтықтағы зеңбіректердің жаңа түрлерін әзірлеуде тың тәсілдерді іздеуге итермеледі. Шындығында, жаңа оқ-дәрілер реактивті зымыранды еске түсіреді. Оның бас бөлігінде сақтандырғыштың орнына ауа сорғышы бар. Корпус ішіндегі кішкене бөлікте қатты отын болады. Атылған кезде снаряд дыбыстан жоғары жылдамдыққа дейін үдейді, содан кейін ramjet қозғалтқышы іске қосылады. Қарсысынан қозғалысына кедергі келтірген ауа ағыны сорылады, ауа сығылады және жанармаймен араласып, жанып, итермелейді, яғни, кедергі келтірген ауаның өзі қозғалтқышқа айналады. Сынақтар кезінде снаряд рекордтық қашықтыққа «ұшты» (нақты қанша шақырымға жеткені жарияланбады). Әзірлеушілер уақыт өте келе мұндай снарядтармен жабдықталған зеңбіректер 150 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысанаға тиеді деп болжап отыр. Келесі кезеңде ғалымдар мейлінше ату дәлдігіне қол жеткізуді мақсат етіп отыр.