Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Мұсылмандардың атаулы күндері
Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Мұсылмандардың атаулы күндері
8 жыл бұрын 10323 Stan.kz

Шағбан айының 1-і – 27 сәуірге сәйкес келеді. Шағбан айының 14-нен 15-не қараған түні – мамыр айының 10-нан 11-не қараған түні Бараат түні.

Рамазан айы 27 мамыр күні басталады.

Маусым айының 21-нен 22-не қараған түні – Қасиетті Қадір түні.

25, 26, 27 маусым – Ораза айт күндері.

Хижра күнтізбесі бойынша 1438 жылдың Зульхижжа айының 9-ы – 31 тамыз Арафа күні.

1,2,3,4 қыркүйек – Құрбан айт мерекесі.

21 қыркүейек Хижра жыл санауы бойынша Жаңа жыл.

30 қыркүйек – Ашура күні.

Қарашаның 30-нан желтоқсанның 1-не қараған түні Мәуліт – Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) туған күні.

Хижра күні біздің күнтізбеміз бойынша 622 жылдың 16 шілдесіне, жұма күніне келеді. Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеден өткен уақытанан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб р.а. жасаған.

0 пікір
Мұрағат