Бірнеше компания 3D принтерде басып шығаруға болатын зымыран тасығыштарды жасап жатыр (видео)
Бірнеше компания 3D принтерде басып шығаруға болатын зымыран тасығыштарды жасап жатыр (видео)
2 жыл бұрын 1499 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

3D-технологиясы көптеген салаларда (қорғаныс, құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы, коммуникация, т.б.) қолданыла бастады. Десе де аталмыш технологияға байланысты қауіпті тенденция да пайда болуда, солардың бірі – осы заманғы қару түрлерін 3D-принтерінде басып шығаруға талпыныс. Бұл жайында islam.kz порталы Vice News (vice.com) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жолы тек атыс қаруымен шектелмей, кейбір энтузиастар қазірдің өзінде арзан, алайда, өте тиімді зымыран тасығыштар мен гранатометтерді шығаруда. Әлбетте, қарулы күштерде қолданыстағы аналогтарына жете қоймайды, алайда, бұл – уақыт еншісіндегі мәселе. Яғни, белгілі бір уақыттан кейін өнеркәсіптік нұсқасынан кем түспейтін қару түрлері пайда болмақ. Бұл сөзіміздің жарқын мысалы - D&S Creations компаниясыYouTube сайтында AT-4 танкке қарсы зымыран кешенінің 3D басып шығарылған нұсқасын сынау туралы бейнероликті жариялады. Аталған компания мамандары бірнеше «толық» танкке қарсы снарядтарды басып шығара алған. Бұдан бөлек, 3D принтерінде M202 FLASH жеңіл реактивті отты қару шығаруға талпыныс жасалуда. Сарапшылар бұл тараптағы қауіптерін жасырмайды, айталық, Мексикадағы есірткі картелдері немесе террористер аталмыш технологияны арам мақсатта пайдалануы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат