Біреуіне 24 сағат кетеді: Жер бетіндегі халықтың бәрін үймен қамтамасыз етудің әдісі табылды
Біреуіне 24 сағат кетеді: Жер бетіндегі халықтың бәрін үймен қамтамасыз етудің әдісі табылды
5 жыл бұрын 2582

Мексикада 2020 жылдың соңына қарай 3D-принтердің көмегімен әлемдегі ең бірінші шағын ауданды басып шығарады. Ол жерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы өте төмен отбасылар орналастырылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі сәтте кедейлер адам айтса нанғысыз жағдайда өмір сүріп жатыр. Жергілікті халық күніне 3 доллар ғана табыс табатындықтан, олар қарапайым үйлерде тұруға мәжбүр. Бұл үйлер жер сілкінген кезде оңай қирап, жаңбыр тоқтаусыз жауса бұзылып қалады. 

New Story коммерциялық емес ұйымы бұл жағдайды ретке келтірмек. ICON құрылыс компаниясымен бірігіп 50 үй тұрғызады. Әрқайсысының аумағы 46 шаршы метрді құрайды. Ішінде екі жатын бөлме, қонақ үй, ванна және ас бөлмесі болады.

Үй арнайы бетоннан басылып шығады. Бұл жер сілкінген кезде қирап қалмауға мүмкіндік береді. Бір ғимараттың дайын болуына 24 сағат кетеді. Компаниядағылар Жер бетіндегі барлық халықты үймен қамтамасыз етудің жолын таптық деп отыр. New Story бүгінгі таңда қауіпсіз үйдің болуы ең өзекті мәселелердің бірі екенін айтады. Habitat for Humanity есебі бойынша, жер бетінде 1,6 млрд адамның үйі жоқ. 

0 пікір
Мұрағат