Бір мезгілде масаларды үркітіп, смартфонды қуаттайтын әрі төңіректі жарыққа бөлейтін құрылғы жасалды (видео)
Бір мезгілде масаларды үркітіп, смартфонды қуаттайтын әрі төңіректі жарыққа бөлейтін құрылғы жасалды (видео)
1 жыл бұрын 1172 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Kickstarter (краудфандинг схемасы бойынша шығармашылық, ғылыми және өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін қаражат жинауға арналған веб-сайт. Ал краудфандинг дегеніміз - басқа адамдардың немесе ұйымдардың күш-жігерін қолдау үшін әдетте Интернет арқылы өз ақшаларын немесе басқа ресурстарын ерікті түрде біріктіретін адамдардың ұжымдық ынтымақтастығы) сайтында жаңа гаджеттің пайда болғаны туралы ақпарат шықты. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

EVO REPEL — 1 құрылғыға жинақталған 3 функциясы бар, дәлірегі, саяхатта, үйде және гаражда қажет пауэрбанк.

Бірінші функция: портативті батарея. Құрылғыда 14400 мАч батарея бар. USB-C порттары қамтамасыз етілген. Бір қуат банкінің заряды қатарынан үш смартфонды зарядтауға жеткілікті.

Екінші функция: фумигатор. Масаға қарсы құрал бүйір жағында орнатылған. Екі стандартты картридждің өзі табиғат аясында айналаны маса буып тұрса да алаңсыз демала аласыз. Өндіруші фумигатордың 9 метрге дейінгі радиуста жұмыс істейтініне уәде беріп отыр.

Үшінші функция: фонары. EVO REPEL 3000 люменге дейін жарық шашады. Яғни, автокөлік фарынан шығатын жарықпен бірдей. Жарықтың жарықтығы мен температурасын қолдан реттеуге болады

EVO REPEL құрылғысы тасымалдауға қолайлы тұтқасымен, штатив бекіткішімен және IPX4 суға төзімділігімен ерекшеленеді. Бағасы – 50 доллар.

0 пікір
Мұрағат