Бір жылдың ішінде қасиетті Рамазан айы екі рет келіп, бір жылда екі рет ораза ұстайтын кез жақындап келеді
|
Биыл қасиетті Рамазан айының қарсаңында қызықты дерекке тап болдық. 2030 жылы исі мұсылман екі мәрте ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Бұл жайында islam.kz порталы Birmingham Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 2030 жылы қасиетті Рамазан айы қаңтарда басталады, ал сол жылдың желтоқсан айында тағы ауыз бекітеді. Бұлай болатын себебі, мұсылманша ай күнтізбесі 354 күннен тұрады. Осыған байланысты жыл сайын грегориан күнтізбесі бойынша мұсылманша күнтізбе күндері орташа есеппен 11 күн кейінге шегеріледі. Мәселен, 2022 жылы қасиетті Рамазан айы шамамен сәуірдің 2-сі күні басталады, ал 2030 жылы қаңтарға тап келеді екен.
Мұрағат
Өзекті жаңалықтар
Көп оқылғандар
■
Жалғыздық пен жоқшылықтан қашып, түрмені паналайтын қарттар қарасы көбейген (фото+видео)
■
Қазақстанда алғашқы шариғи индекстік қорының акцияларымен сауда ашылды
■
Бір жылда бір ғана мемлекеттен араб еліне 800 миллионер қоныс аударған
■
Көмірқышқыл газы қосылған бетон 3D-принтерлік әдіспен басып шығарылды (видео)
■
Әлем жаппай жаһандық аңду дәуіріне аяқ басты