Бір жолғы емес, бірнеше рет пайдалануға болатын пластик шөлмектен қауіпті қосындылар табылды: олардың 70%-ы беймәлім қосындылар
Бір жолғы емес, бірнеше рет пайдалануға болатын пластик шөлмектен қауіпті қосындылар табылды: олардың 70%-ы беймәлім қосындылар
3 жыл бұрын 2925 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Копенгаген университетінің химиктері бірнеше рет пайдалануға болатын пластик құрамынан жүздеген аса улы заттар тапты. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу авторларының айтуынша, бұл қосындылар адам денсаулығына өте қауіпті. Химиктер пластик шөлмектің адамға тигізер зиянын анықтау үшін ауызсу сақталатын пластик шөлмекті шүмектен ағатын таза сумен толтырып, бір тәулік ұстайды. Содан соң спектрометрияның тұтас арсеналы мен газ хроматографиясын қолдана отырып, пластик шөлмектегі сұйықтықтың химиялық құрамын тексереді. Бұл тараптағы тәжірибе жуылмаған пластик шөлмекке де, қолмен жуылған пластик шөлмекке де және ыдыс-аяқ жуатын машинадағысына да жүргізілген болатын. Копенгаген университетінен аталмыш зерттеуге атсалысқан Йан Кристенсеннің айтуынша, 24 сағаттан кейін пластик шөлмектегі таза судан денсаулыққа зиянды химиялық заттармен қатар бұрын беймәлім болып келген тағы жүздеген қосындылар табылған. Дәлірегі, судан жуу құралдарынан алынған 400-ден аса қосынды мен 3500-ден аса химиялық зат табылған. Олардың көбісі зерттелмеген әрі шамамен 70% қосындының қаншалықты улы екені белгісіз. Алынған молекулалар арасында ультркүлгін сәуленің әсерімен пайда болатын реактивті бөлшектер (катиондар немесе аниондар) кездескен. Олар тірі организм жасушаларын талқандап етеді. Бұдан бөлек, диэтилтолуамид, т.б. зиянды қосындылар табылған. Бұл қосындылардың барлығы пластик шөлмектің химиялық құрамында жоқ, алайда, пластик шөлмек жуып-шаюдан және пайдаланудан деградацияға ұшырағанда пайда болады. Сол себепті, ғалымдар шама келсе пластик ыдыс пен шөлмекті пайдаланбау керектігін ескертеді. Бұған қоса, пластик ыдыс-аяқтар мен шөлмектер өндірісінің стандарттарын жақсартуды талап етуде.

 

0 пікір
Мұрағат