Бір ғана аралдың өзінде екі күнде 16 млрд тонна мұз еріп кетті (видео)
Бір ғана аралдың өзінде екі күнде 16 млрд тонна мұз еріп кетті (видео)
3 жыл бұрын 2006 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гренляндияда шілде айының 28-і күні мамандар жергілікті климат үшін шектен тыс ауа температурасын тіркеді – 19,8 градусқа дейін ысыды. Осының өзінен екі күнде 16 млрд тонна мұз еріп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы жапондардың Yahoo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гренландия – 50 мың тұрғыны бар солтүстік жарты шардағы ең үлкен мұз құрсауындағы арал. Данияның метеорологиялық институтының (DMI) келтірген дерегіне қарағанда, сәрсебіде 8,5 млрд тоннадан аса мұз еріген. Келесі күні тағы 8,4 млрд тоннасы еріген. Әдетте Данияның автономды (дербес) аумағындағы мұз шілде айынан тамыз айы біткенше еритін. DMI мәліметі бойынша өткен сәрсенбіде 40 млрд тонадан аса мұз ерісе, шілде айының бас кезінен бері 100 млрд тоннадан астамы еріп кеткен. BBC ақпарат көзінің дерегінше, Грендяндиядағы мұздың шапшаң еруі 2019 жылдан бері байқалып келеді – сол аралықтан бері 530 млрд тоннадан аса мұз еріген екен. Ал CNN ақпарат көзінің хабарлауынша, 2019 жылдың шілде айының 30-ы күні 11 млрд тоннадан аса мұз еріп кеткен. Таяудағы 14 мың ғалымның халықаралық тобының есебінде айтылғандай, Гренландия мен Антарктидада соңғы 15 жылда мұз 30% шапшаң еритін болған. Guardian ақпарат көзінің мәліметінше, Гренляндиядағы мұздың еруі өз кезегінде әлемдік мұхит деңгейін 7 метрге көтереді.

0 пікір
Мұрағат