Бір биткоин бағамы он жылда 1,5 млн долларға жетуі мүмкін
Бір биткоин бағамы он жылда 1,5 млн долларға жетуі мүмкін
3 сағат бұрын 50 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

                 

Биткоин бағамы түсіп келеді. Мәселен, қаңтар айының 10-ы күні бір биткоинның долларға шаққандағы бағамы немесе бағасы 91,2 долларды құрады немесе тең болды. Бұл жайында islam.kz порталы Cointelegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де «Меткалф заңы биткоин құнының үлгісі секілді» деп аталатын мақала авторы, экономист әрі  Cane Island Alternative Advisors  инвесткомпанияның негізін қалаған Тимоти Петерсон  әлемде алғаш пайда болған криптовалюта (биткоин) бағамының он жылда, дәлірегі, 2035 жылы 1,5 млн долларға жететінін мәлімдеді. Экономист бұл болжамын өзінің моделі бойынша жасады. Оның сөзіне күмәнмен қарауға болатын еді, тек мына жайт болмағанда: 2020 жылы ол биткоин бағамының ешуақытта 10 мың доллардан төмен түспейтіні туралы болжамы әлі күнге теріске шығарылмады. Тек Тимоти Петерсон  ғана емес, сонымен қатар, мұндай болжамды, дәлірегі, 2030 жылға қарай биткоин бағамының 1,5 млн долларға жететіні турасындағы болжамды өткен жылы ARK Invest компаниясының бас директоры Кэти Вуд та CNBC телеарнасына берген сұхбатында тілге тиек еткен болатын.

0 пікір
Мұрағат