Биомассаның шоғырланған аумақтарының картасы сызылды
|
Көміртектің едәуір бөлігі тек тропикалық орман-тоғайда ғана шоғырланбаған. Ғалымдар орман-тоғайдағы биомасса түрінде сақталған жер бетіндегі көміртектің шоғырланған аумақтарының картасын жасады. Бұл жайында Еуропалық ғарыш агенттігі мәлім етті. Аталмыш карта Мадрид қаласында өткен Біріккен Ұлттар ұйымының климат өзгерісіне қатысты алқалы жиында жұртшылықтың назарына ұсынылды. Карта 2017—2018 жылдар аралығында спутниктің көмегімен жасалды. Өсімдік атмосферадағы көмірқышқыл газды сіңіріп, оны биомасса түрінде сақтайды. Алайда, ол орман өрті және оталған кезінде атмосфераға қайта бөлінеді. «Көміртектің көп бөлігі ылғалды орман-тоғайда сақталған. Алайда, жаңа картадан белгілі болғандай, биомасса өзге де аймақта шоғырланған»,- деді осы бағыттағы зерттеу жұмысына жетекшілік ететін Ричард Лукас. Ғалымдардың келесі қадамы 2018−2109 жылдарға қатысты картаны жасаумен байланысты жасалады. Аталмыш карта не үшін қажет? Климат өзгерісін қадағалауға мүмкіндік беретіндігімен маңызды.