Биологтер жәндіктердің жойылуынан жыл сайын 400 мың адамның қайтыс болатынын алға тартып отыр
Биологтер жәндіктердің жойылуынан жыл сайын 400 мың адамның қайтыс болатынын алға тартып отыр
2 жыл бұрын 2784 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биологтар жәндіктердің жойылуынан жыл сайын 400 мың адамның бақилық болатынын алға тартып отыр. Жәндіктердің саны жыл сайын 1-2 пайызға азаюда. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Environmental Health Perspectives мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, тозаңдандырғыштардың жойылуынан жеміс-жидектің, көкөністер мен жаңғақтардың шығымдылығы төмендейтінін анықтады. Бұл жайт өз кезегінде тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізеді: жыл сайын шамамен 400 000-нан аса адам жүрек ауруы, инсульт, қант диабеті және қатерлі ісіктің кейбір түрлері сияқты қатар жүретін аурулардың салдарынан қайтыс болады. Қоршаған орта мен экологиялық жүйеге антропогендік қысымның артуы өз кезегінде жыл сайын жәндіктер популяциясының 1-2 пайызға кемуіне әкеліп соғады, ал бұл жайт азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Ғалымдар Азия, Африка, Еуропа және Латын Америкасындағы жүздеген тәжірибеге тартылған фермалар желісінің деректерін пайдалана отырып, тозаңдандырғыштардың жойылу эффектісін моделдеді. Экономикалық залалды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құнынан 10-30 пайызды құрайтын табысы төмен елдер көбірек тартатын болады.

0 пікір
Мұрағат