Биологтар бала көтеру мақсатында жұбымен жақындасқысы келетін ер адамдарды жат әдеттен бас тартуға шақырады
Биологтар бала көтеру мақсатында жұбымен жақындасқысы келетін ер адамдарды жат әдеттен бас тартуға шақырады
1 жыл бұрын 787 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Техас университетінің биологтары тышқандарға тәжірибе жүргізе келе ішімдікке үйір ерлердің бала көтерту мақсатында зайыбымен жақындасар алдында алкоголді өнімнен уақытша бас тартса да бойындағы бұрынғы ішімдік уытының генетикалық процестерге кері әсер ететініне көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы squarenews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, ішімдік тұтынған әкенің кіндігінен тараған ұрпақтың бет-әлпеті мен миында ақау немесе қандай да бір ауытқу орын алу ықтималдылығы жоғары. Ғалымдар ұрпақ өрбіткісі келетін ерлерге зайыбымен жақындасуы үшін кем дегенде үш ай бойы ішімдікті аузына алмауы керектігін алға тартады. Өйткені, ерлер ұрығы 60 күнде қалыптасады. Осы орайда әлемге әйгілі Оксфорд университеті ғалымдарының ішімдіктің 60 түрлі ауру қатерін арттыратыны туралы тұжырымға келгенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат