Биолог бірнеше минут ішінде қылмыскерді қайта тәрбиелейтін болашақ түрме тұжырымдамасын ұсынды (видео)
Биолог бірнеше минут ішінде қылмыскерді қайта тәрбиелейтін болашақ түрме тұжырымдамасын ұсынды (видео)
5 ай бұрын 774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әдетте қылмыскерді қоғамға зиянын тигізбесі үшін оқшаулап, жылдар бойы жазалайды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрме түзеу мекемесі болғанымен өмір шындығы мүлдем басқаша – көбісі ол жерден нағыз, тісқаққан қылмыскер болып шығады. Бұдан бөлек, талай жылын оқшау өткізгендіктен қоғаммен етене аралсып кете алмайды. Бұған қоса, түрмеде жазасын өтеп жатқан тұтқындарға кететін экономикалық шығын да мемлекетке тиімсіз. Міне, осындай факторларды ескерген ғалымдар қайта тәрбииелеудің мүлдем тың әдісін ұсынып отыр. Қасым әл-Ғайли есімді йемендік молекулалық биолог болашақ түрменің Cognify деп аталатын жобасын ұсынды. Оның жүйесі қылмыскерлерге жасаған барлық қатыгездіктерін бастан өткеруге, өкінуге және өткен өмірінен шынайы сабақ алуға мүмкіндік береді. Cognify жүйесі ми имплантаты мен жасалған қылмысты бейнелейтін құрылғыны қамтиды. Ол жасанды зерде технологиясына негізделген -  қылмыскер өз құрбанының немесе жәбірленушінің орнында өзі сезінетіндей етіп берілген. Осынау күрделі, жарқын және шынайы естеліктер нақты уақыт режимінде жасалады және терапия сезінудің ұзақ мерзімді әсерін қамтамасыз етіп, естеліктерді тұрақты етпек. «Оңалту» шарасы бірнеше минутқа созылғанымен құқық бұзушы үшін бұл санаулы сәттер бірнеше жылға татитын болады. Оларға уақыт бітпейтіндей әсер «сыйлайды»: жәбірленушінің тартқан азабын өз басынан өткереді.  Осы тұста мұндай идеяны немесе бастаманы корей кинематографиясында көтерлгенін айта кетпекпіз: бұл арада 2021 жылы түсірілген «Әділ драма» кинокартинасы турасында сөз болып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат