Биоинженерлер маса секілді ұшатын дрон құрастырды (видео)
Биоинженерлер маса секілді ұшатын дрон құрастырды (видео)
5 жыл бұрын 2694 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Масалардың жолындағы кедергілерді байқау тәсілі мен одан айналып өту әдісін ағылшын ғалымдары дронды автоматты басқаруда қолдана алды. Биоинженерлердің бұл бағытта жүргізген тәжірибе нәтижесі Science мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар топшылауынша, осынау ұшатын жәндіктер алдынан тосқауыл шыққанда мұртындағы механорецептормен байқай алады. Олар жолында кедергі барын қаққан қанатының әсерімен пайда болатын ауа ағынындағы қысымның өзгергенінен біле алады. Ғалымдар пайымдағандай, масалар алдында қандай да бір тосқауыл барын шамамен 20 қанатының ұзындығындай арақашықтықтан сезеді. Ғалымдар бұл тетікті квадрокоптерді басқаруда қолданған болатын. дрон ұзындығынан, көлденеңінен және диогналды бағыттар бойынша алынған мәліметтер коптер үстінен, астынан және жан-жағынан қоршаған аймаққа тән көрсеткіштермен салыстырылатын қысым датчигімен жабдықталған. Жоғарыдағы өлшемдер негізделген шекті мәннен асқан айырмашылық байқалғанда квадрокоптер кедергіден айналып өту бағдарламасы автоматты түрде қосылады. Ғалымдар дронды сынақтан өткізген сәтті таспаға тартып алыпты: маса қанатының қағудан болатын эффекті мен квадрокоптердің нақты қозғалысы визуалды тәсілмен көрсетілген.

 

0 пікір
Мұрағат