|
Бері алғанда бес жылда немесе ары кеткенде 10 жылда адамша ойлай алатын жасанды зерде пайда болады
|
Google, DeepMind компаниясының зерттеу бөлімінің жетекшісі Демис Хассабис адам деңгейінде танымдық мүмкіндіктері бар жалпы мақсаттағы жасанды зерденің (AGI) алдағы 5-10 жылда пайда болатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жамсай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, мұндай жүйелер адамның қолынан келетіндей міндеттердің кең спектрін орындай алады. "Алдағы он жылдықта біз толыққанды когнитивтік функцияларды көрсететін AGI пайда болатынына куә боламыз»- деді ол сөзінде. Осы орайда Демис Хассабистің 2024 жылы ақуыздар мен молекулалық құрылымдарды зерттеуде пайдаланылатын есептеу әдістерін дамытуға қосқан үлесі үшін химия бойынша Нобел сыйлығына ие болғанын айта ктепекпіз. Оның компаниясы AGI жасау мерзімін жақындататын жобалармен белсенді жұмыс істеуде.